• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Неке келісімшарты дегеніміз не?
Заң және заман

Неке келісімшарты дегеніміз не?

halyqmediatoryBy halyqmediatory06.04.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Неке келісімшарты дегеніміз не?
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Неке шарты немесе неке келісім шарты – Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс. Осы мақалада біз неке келісім шарты дегеніміз не, ол не үшін керек, оған қандай талаптарды жазуға болады, қайда, қандай құжаттармен жүгіну керек деген сауалдарға жауап береміз.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Бұдан басқа неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, неке шарты немесе неке келісімшарты некедегі ерлі-зайыптылардың және балалардың мүлікке құқығын бекітетін заңдастырылған уағдаластық болып табылады.

Неке шарты ерікті шешім, оны жасасуға немесе жасаудан бас тартуға ешкім міндеттемейді. Неке келісімшарты ажырасудың себебі болуы мүмкін деген жалған сенімнен бас тартқан жөн, әлемдік тәжірибе неке шартын жасасу көп жағдайда некенің бұзылуын болдырмайтынын дәлелдейді.

Неке шартын қашан жасасуға болады?

Кодекстің 40-бабына сәйкес неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады. Бұл неке шартын сіздің өзіңізге қолайлы кез келген уақытта жасай алатыныңызды білдіреді. Егер некені тіркегенге дейін неке шартын жасасаңыз, онда шарт некені тіркеу рәсімінен кейін ғана күшіне енетінін ескерген жөн.

Неке шартында нені көрсетуге болады?

Кодекстің 41 бабына сәйкес ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы. Осылайша, Неке шарты ерлi-зайыптылардың бірлескен немесе жеке қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де, сондай-ақ онымен жасалатын операцияларға да қатысты болуы мүмкін.

Некені бұзған кезде мүлікті бөлу үнемі неке шартын жасасудың басты себебі бола бермейді, өйткені неке шартының мәні ретінде көптеген мүліктік жағдайлар болуы мүмкін.

Неке шартына ерлі-зайыптылар:

Өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн;

Бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін;

Өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға;

Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға;

Неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi;

Осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.

Ерлi-зайыптылар өз мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге немесе оларды жекелеген мүлік түрлеріне қатысты үлестіруге құқылы. Шартта ескерілмеген мүлік жалпыға бірдей белгіленген заңды режимге бағынады.

Бұл ретте Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн екенін есепке алу қажет. Мысалы ата-нанасы ажырасқаннан кейін бала жылжымайтын мүлікке құқығын, егер бұл немесе ерлі-зайыптылардың білгенінше өзге талаптар шартта көрсетілген болса, тек 18 жасқа толғанда алады.

Неке шарты мүліктік мүдделерге қатысты болғандықтан және оларды реттеу үшін жасалатындықтан, онда тиісінше өзге сипаттағаы талаптарды көрсетуге болмайды.

Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды

Кодекстің 41 бабы 3 тармағына сәйкес неке шарты:

Ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды;

Ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды;

Еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді көздей алмайды;

Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.

Бұл сіз неке шарты арқылы үй шаруасын жүргізу қағидаларын, некеде және ажырасқан жағдайда балалармен қатынасу тәртібін (кездесулер уақытын және ұзақтығын – үлкі ретінде), бірлескен өмірінің аспектілерін заңнамалық бекіте алмайтындығыңызды білдіреді.

Балқаш Қалалық сотының баспасөз қызметі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЖаңа жағдайдағы ҚАЗАҚСТАН
Next Article Маңғыстауда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстегі жаңашылдықтар талқыланды
halyqmediatory

Related Posts

Бітімге келу бабалардан аманат

15.09.2022

Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең

09.09.2022

Неке шарты – мүліктік даулардың алдын алады

24.06.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.