Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауы – тарихи құжат және бүгінгі күнгі қоғамның талабы деп айтсақ болады. Себебі əрбір Жолдау елімізді одан əрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы.
Қазақстан жаңа жағдайда күрделі кезеңді бастан өткеріп, індетке қарсы күресті жалғастырып келеді. Қиын сәттерде халқымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Елдің ыстық ықыласына бөленген дәрігерлер, әскери қызметшілер, кәсәпкерлер, еріктілер, қарапайым халық пен тіпті көршілес елдер де аянып қалмай,табандылық пен үлкен жауапкершіліктің үлгісі бола білді. Әлемді дүр сілкіндірген індеттің (короновирус) таралуы сот жүйесіне де өзгерістер алып келді.
Қиын сәттерде кез-келген жағдайға дайын болу керектігін алға тартқан президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: « Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады» деген болатын. Сондай-ақ, Президентіміз әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындары мен жалақыны сақтап қалудың басты міндет екенін де назарға алып отыр.
Қ.Тоқаевтың тұжырымдамасында азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екеніміз де айтылды. «Әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруін, Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет. Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бермесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «әділ мемлекет » құру тұжырымдамасы» деп атап өтті президент.
Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет. Заң үстемдігінің маңызды өлшемі – бейтарап және әділ сот төрелігі. Сот жарыспалы, ал судья айыптаудан тарапынан бос болуы керек. Ол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қоғамның соттарға деген сенімін нығайту басым мақсат болуға тиіс. Оған мемлекет пен судьялар корпусының бірлескен күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болады. Судьяларды іріктеу қандай кандидаттар қандай еңбегі үшін жұмысқа қабылданғанын білуі үшін жұртшылық білу үшін БАҚ-та жариялануы тиіс.
Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет, бұл мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге мүмкіндік береді. Мұндай институттар дамыған елдерде өзін жақсы көрсетті.
Бүкіл əлемдегі сияқты Қазақстанның азаматтары да интернеттегі ғайбаттаулардан қорғана алмай отыр. Бұдан ең алдымен балалар зардап шегуде. Олар интернет арқылы тараған қоқан-лоқының əсерінен қатты қиналады. Өкінішке қарай, соның салдарынан қайғылы жағдайға да ұшырап жатады. Азаматтарды, əсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді.
«Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек екендігіне тоқтала кетіп, пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін жəне бұған толық мүмкіндік бар екенін де президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап өтті. Заманның талабына қарай жаңа жобалар, жаңа әдістер күн санап артуда. Жаңа күнге жаңа көзқараспен қарау өсіп өркендеудің белгісі. Жаңа мүмкіндіктерді игере келе қашықтықтан жұмыс жасаудың тиімді тұстарына үйренеміз.
Біз кез – келген жаңалыққа дайын болу керекпіз. Себебі біз озық технология, тың идея мен жаңаша ақпараттың шарықтау кезеңіндеміз. Әлемдік стандартқа сай жаңалықтарды енгізу – көптеген өзгерістер алып келуде. Ал өзгеріс – жаңа мүмкіндіктер кілті, заман талабы.
Д. Т. САЙХАНОВ.
Шымкент қаласының
Кәмелетке толмағандардың істері жөндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.