Жемқорлық ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіреді сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақыра отырып, мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өткен болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасын атап өткен болатын.
- Азаматтардың құқығын қорғау.
- Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін атап, жемқорлықпен күресте күштік шаралар аздық ететін айтты.
- Қоғамдық бақылауды күшейту.
- Бюджеттік саясаттың ашықтығы.
- Жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
- Мемлекеттік қызмет көрсету ісіндегі үдемелі цифрландыру.
- Мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету.
(Ақорда 20.05.2019 ж.)
Жалпы бірінші шарт бойынша: басшы болсын, басшының қызметшісі немесе орынбасары болсын сыбайлас жемқолыққа қатысты кез-келген шараның алдын алуы қажет. Себебі ешқандай мансаптық дәрежесіне қарамастан заң алдында барлығының тең екендігін екшелеп, заң тұрғысынан да тең көзқарас танытуды алға тартуда. Сонымен қатар қол астындағы қызметкердің пара алуына немесе параға қатысы болған жағдайда тікелей басшысы отставкаға арызын жазуға міндетті және оның кету кетпеуі қаралады. Өкінішке орай біздің қоғамда жұмысқа орналасып жатқандардың 70 пайызы дерлік басшы туыстары. Тамыр таныс бар жерде де сыбайластың дендеп кететіні тағы бар.
Екінші шарты бойынша: күштік шара неғұрлым жоғары болса, жемқорлықтың дендеуі де соғұрлым төмендемек. Сондықтан Білім және Ғылым министрлігі мен Әділет министрлігіне берілген тапсырмалар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген төзбеушілікке байланысты видеороликтер мен мониторингтік жұмыстар қоғам белсенділерімен және журналистер қауымымен бірлесе жүргізілсе.
Үшінші шара бойынша: мемлекеттік органдардағы қоғамдық кеңестердің атқарып жатқан жұмыстарында да сыбайлас жемқорлықтың белгілері белең алып келеді. Үй кезегі, балабақша кезегі, жер кезегі сияқты мәселелердің көбісі көпшіліктің көкейіне күдік туғызып жүр. Себебі: қаржың болса, кезекті керіп өтесің қаржың болмаса, кезегіңді кезгенің кезген. Қоғамдық кеңестерге қосымша жұмыс ретінде қоғам белсенділері мен журналистер қауымы да тартылса. Сыбайлас жемқорлықтың белең алуына тосқауыл болатын еді.
Төртінші шара бойынша: Бюджеттік саясаттың ашықтығы. Қазіргі таңда бюджеттік сасаттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ашық бюджеттік интерактивті картасы арқылы яғни, жасалған жұмыстардың бөлінген қаражатын сәйкес болмаған жағдайда 1424 нөміріне хабарласу арқылы, күштік шараларды көбейту арқылы елге қажетсіз жобалар мен бағдарламалар, ғимараттардың салынуына тосқауыл қойып, тиімсіз жұмсалып жатқан қаржылардың есебіне қатаң жаза тағайындалса.
Бесінші шара бойынша: Жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту қажеттігін атап, «Әкімдерге айтарым, жемқорлықты түбегейлі жою сіздердің жұмыстарыңыздың негізгі көрсеткішінің бірі болады. Оған сіздер тікелей жауаптысыздар. Әрбір елді мекеннің өз бюджеті байланысты төртінші деңгейлі бюджетті құруды аяқтау туралы міндет қоямын. Менің президент ретіндегі ұстанымым бюджет шығындарын жоспарлауға, әсіресе өңірлерде халықтың өкілдерін қатыстыру керек. Бұдан ел экономикасы дамып, тиісінше, халықтың әл-ауқаты артады», – деді мемлекет басшысы.
Осыған орай пайдасыз, тиімсіз ғимараттар салуға жұмсалған қаржының есептілігіне тікелей жауаптылықты мойынға.
Алтыншы шара бойынша: Мемлекеттік қызмет көрсету ісінденгі үдемелі цифрландыру. Цифрландыру жүйесі ену кез-келген жұмысты жеңілдетудің және жылдам аяқтаудың тиімді тәсілі. Сондықтан «Мемлекеттік аппарат қызмет көрсету барысында тұтынушыларға бейімделу қажет. Тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден бір көзі – мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нұсқаға көшіру. Бұл жерде шешімін таппаған мәселелер бар. Бүгінде мәліметтер базасының 33 пайызы ғана интеграцияланған. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауы қажет. Электронды үкіметті дамыту аясында азаматтардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мобильді нұсқада алуы үшін жаппай оқыту жұмыстарын дамыту біздің басымдығымыз саналады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жетінші шара бойынша: Мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету. Мемлекеттік сатып алу қазіргі таңда бизнес саласын өркендетуде маңызы зор. Себебі: бұл бизнесіңді жетілдірудің қолайлы саласы.
«Бүгінде 25 мың ұйым мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады. Бұл жемқорлыққа қарсы бақылауды қиындатады. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алуларды орталықтандырып, әлеуметтік саладағы бюджеттік мекеме басшыларын бұл міндеттерден босату керек. Колледждер мен мектеп директорына дейін мемлекеттік сатып алуға қатысы бар. Орталық мемлекеттік органдарда саяси қызметшілерді мемлекеттік сатып алуларға араластырмайтын механизмдер әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар мемлекеттік функцияларды бәсекелік ортаға беру керек. Бұл туралы жиі айтылса да, 5 функция ғана жеке секторға берілген. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа және Ұлттық экономика министріне тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырамын. Оның нәтижелерін маған 1 айдың ішінде баяндаңыздар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиын соңында президент жемқорлық бойынша қол астындағы қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапты болатынын тағы бір мәрте қадап айтты.
Депутаттар мен әкім қарылардың, мектеп директорлары мен колледж басшыларының да мемлекеттік сатып алуларға қатысы да байланысы да белең алған. Жетінші шарадағы негізгі мәселе белең алған жемқорлықты жою мақсатында мемлекеттік сатып алуларға қатысын арандату.
Бір сөзбен айтқанда қытайлық заңнаманы біздерге де енгізу керек сияқты. Мәселен, қытай елінде сыбайлас жемқорлық орын алып жатса, ұрлық жасап жатса, жазасы ауыр. Көпшілік алдында жазасын тарту басқаларға үлкен сабақ боларлық дүние болғандықтан заңнамада жақсы қарастырылған.
Жоғарыда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткен жеті шараны негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қатандатып, жұдырықтай жұмылдырғанымыз дұрыс!
Арман Нұрланұлы, Шымкент қ. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы.