Жоғарғы Сот Төрағасы «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасының іске асыру туралы өкімін бекіткен болатын. Шымкент қаласының Абай ауданы сотының судьясы Отарбаев Еркен Бостанбекұлы осы өкімге сай, аталған пилоттық жоба бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізетін судья болып тағайындалған.
Жоғарғы Сот төрағасының аталған өкімімен пилоттық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын процестік әрекеттердің алгоритмі бекітілген. Аталмыш тақырып бойынша судья Еркен Бостанбекұлымен жолығып, пилоттық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайында әңгімелескен едік.
— Еркен Бостанбекұлы, Жоғарғы Сот Төрағасының «Соттағы татуластыру рәсім-дері» пилоттық жобасын іске асыру туралы өкімі қабылданғанынан хабардармыз. Атал-ған пилоттық жоба бойынша қаралатын азаматтық істерді тарқатып өтсеңіз…
— Абай аудандық соты Төра-ғасының өкіміне сай, азаматтық істер бойынша бірқатар даулы мәселелер қаралады. Атап айт-сақ: баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, бала-ларды басқа адамдардан тартып алу, білім алушылардың білім жүйесіндегі жалпы орта, жалпы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жо-ғарғы білім беру жүйесінің күн-дізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы істер қаралады.
— Бұл балалар мүддесіне ор-ай атқарылатын істердің бір парасы ғана. Ел болған соң дау көбейіп жататыны белгілі…
— Дұрыс айтасың. Өкінішке орай, басқа да тақырыптағы дау-лар кездесіп жатады. Мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскелерінің шекараларын ан-ықтау, пәтерді су басқандығы ту-ралы, пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәсе-лелері бойынша, некені бұзу жә-не мүлікті бөлісу сияқты мәселелерде келіспеушілік көптеп кездеседі. Сонымен қатар, қарыз келісім-шарттары бойынша, сақ-тандыру, мүлікке меншік құқы-ғы, тауар жеткізілімінің жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау ша-рттары бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, корпоративтік, медициналық қызмет көрсетуіне байланысты даулардың шешімін табуға атсалысамыз
— Нақтырақ айтсақ, өткен жылы қанша іс қаралды?
— Мәселен, 2019 жылдың он екі айында бітімгер судьяның қарауына 1132 талап арыз беріл-ген. Оның ішінде 245 талап арыз бойынша тараптар бітімге келді. Ал 267 іс бойынша тараптардың талап арыздан бас тартуына бай-ланысты тоқтатылды. 11 іс бой-ынша қараусыз қалдырылған. Айта кетерлігі тараптардың өза-ра татуласуымен аяқталған істер біршама көбейіп келеді.
— Десек те медиаторлық қызмет жайында халық біле бермейтін секілді.
— Татуластыру рәсімі заңды күшіне енгізілген уақытынан бе-рі көптеген даулар сотқа дейін кәсіби медиаторлардың қызметі арқылы мәмілеге келу жолдарымен шешілді. Дегенмен, дұрыс айтасың, медиаторлық қызмет пен татуластыру саясаты халық арасында кең таралып үлгерген жоқ. Сол себепті татуластыру рәсімін халық арасында жік-жік-ке бөліп отырып түсіндіру мен таныстыруды негізге алып үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүр-гізіліп жатыр. Нақтылап кетсем…
Халық арасында жастарды, зейнеткерлікке шыққан қоғам зиялылары мен ақсақалдарды қо-ғам белсенділері арқылы қызмет-ке шақырып, жергілікті атқарушы қызметкерлердің тарапынан тізімге алу, бақылау, сонымен қа-тар қаржымен, офиспен және ұй-ымдастырушылық іс-шаралар-мен көмек көрсетілуі қамтамасыз етіліп жатыр. Арнайы оқу орын-дарында медиация және оның тиімділігі сыңайлы тақырыптар бойынша ақпараттармен таныс-тыра отырып дәрістер өткізілді. Халықпен, ұйымдармен дөнгелек үстел, брифингтер және жи-ындар өткізіп татуластыру рәсімі бойынша және татуластырудың экономикалық, рухани тиімділік-терін қоғам санасына кеңінен жеткізу мәселесі де кезек күттір-мейді. Аталған іс-шараны тек қалалық көлемде ғана емес, ау-дандық, ауылдық, ауылдық ок-ругтік деңгейде жүзеге асыру қа-жет. Соттар мен кәсіби медиаторлардың қызметтік уақытынан азаматтарға арнайы күн мен уа-қытты белгілеп татуласу рәсі-мінің іс жүзіндегі лауазымдығымен таныстыруды жүргізген дұрыс. Халық арасындағы түсі-нік қызығушылыққа әкеледі. Егер де сол қызығушылық дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілсе, дұрыс шешімге әкеледі.
— Демек, өзара түсініспеу-шілікті сотқа жеткізбей-ақ шешудің жолы табылып тұр ғой…
— Кейбір адамдардың түсіні-гінде «дауды тек сот шешеді» деген көзқарас қатып қалған. Сәл дау туса, дереу сотқа жүгінеді. Екі арадағы мәселені сот арена-сына шығарып шешкісі келеді. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар осы қате түсінікті жоюға бағытталған. Бұндай іс-шаралар бүгінгі тәуелсіз еліміздің қоғам-дық өмірінің тұтастығы мен ұйытқысының бұзылуына жол бермейді. Елбасымыздың «Мәң-гілік ел» идеясының мақсатына жеткізуші де, мемлекетіміздің тірегі де қоғам. Бәрімізге мәлім адам арасындағы дау негізінен отбасы, ағайын-туыс, жора-жол-дастар мен ұжымдастар арасында көптеп орын алады. Бұл де-геніміз кіші отан арасындағы даулар. «Еліңді түзегің келсе, бесігіңді түзе» дегендей бесігі-міздің жылы ошағы болар отба-сындағы дауларды сотқа дейін татуластыру жолымен жүргізу қажет. Дау – қоғамның рухани құндылығы мен тұрақтылығын жоятын негізгі індет. Еліміздің рухани жаңғыруын қолға алу барысында бүгінгі таңда қоғамда тамырын терең жайған індеттерден бастауымыз қажет.
Айта кетейік, соңғы татуластыру тәжірибесінің нәтижесіне сүйенсек татуластырудың кеңі-нен қолданылу аясы жалпы және құқықтық дәстүрі деңгейінің биік аумақтарында орын алуда. Демек татуластыру саясатын қо-ғамға енгізе отырып, әлеуметтік жалпы және құқықтық дәстүр деңгейін жоғарылатуды сабақтастыру арқылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Сотқа дейінгі татуластыру бүгінгі аза-маттық іске белшесінен батқан судьяларымыздың қызметтік са-палылығы мен нәтижелігінің ар-туына әкеледі. Бүгінде ел басшы-мыз бен ел ағаларымыздың алға қойған салиқалы саясаттары еліміздің рухани тұрғыда деңге-йін жоғарылату арқылы ертеңгі жас ұрпақтарымызға әлемдік сахнада нық орныққан ауызбір-шілігі бұзылмас мәңгілік елді аманат ету. Осы себептен бүгінгі талқылауға алынған сұрақ қоға-мымыздың өзекті мәселелері болмақ.
— Әңгімеңізге рахмет.