• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Төрелік татуластырудан басталады
Медиация

Төрелік татуластырудан басталады

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.04.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Төрелік татуластырудан басталады
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіре түсу керектігіне ерекше көңіл бөлуде. Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да үшінші билік жұмысын жұмырлаудың жолы да ұмыт қалмады.
Дау-дамайды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту қажеттігіне тоқтала келе, «Он жылдай уақыт бұрын біз «Медиация туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек» – деген болатын Президент.

Жоғарғы Соттың Төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен дау-дамайды сотқа дейін шешу мәселесінде бірнеше пилоттық жоба жүзеге асты. Олар елдегі медиация институтын дамытуға өз үлесін қосып, татуластырумен айналысатын кәсіби мамандардың көбеюіне жол ашты. Татуластыру орталықтары тек соттарда ғана емес, аудандық әкімдіктерде, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде, Қазақстан халқы ассамблеясының жергілікті филиалдарында, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында және оқу орындарында да ашылды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық, аудандық және мамандандырылған соттардың барлығында медиация кабинеттері бар.

Соның арқасында медиация отбасылық жанжалдардан бастап, коммерциялық және жария саладағы күрделі мәселелерге дейінгі кең ауқымды дауларды шешуде танылып келеді. Оған кәсіби және кәсіби емес медиаторларының қосқан үлесі зор.

Дегенмен, дауласушы тараптарды татуластыруда судьялардың еңбегі көбірек екенін мойындаған жөн. Дауласушылар арасында ымыраға келудің жолын іздеу – сот төрелігінің қазіргі басым бағыты. Әсіресе азаматтық істерде осыған баса мән беріліп отыр. Әрбір сотта татуластырушы судьялар қызмет етеді. Яғни судьялар төрелік жасауға кіріспес бұрын тараптарды татуластыруға байланысты әрекеттер жасайды. Олар сотқа түскен азаматтық істерді саралап, бітімге келуге ықтималдарын іріктеп жұмыс жүргізеді.

Бұл Азаматтық процестік кодекске түзетулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды. Атап айтқанда, талап қоюды қабылдау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Осы аралықта татуластырушы судьялар тараптармен жұмыс жүргізеді.  Мәселен, Шымкент қаласының соттарына 2020 жылы келіп түскен  22 мыңнан аса азаматтық істің 18 226 ісі аяқталған. Оның 10 пайызына жуығы татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған. Соның ішінде 1313 іс бойынша татуластырушы судья келісімге келтірсе, 121 іс бойынша тараптардың өздері бітімге келген. Ал, 34 істе адвокаттар ара түсе отырып, істі ымырамен аяқтаған.

Саралап қарасақ, азаматтар сотқа шарт талаптарынан және отбасы, неке қатынастарынан туындаған даулар бойынша көбірек жүгінген.

Бұл санаттағы істер жыл бойы барлық қаралған азаматтық істердің 76,8%-ын құрап отыр. Бұл бағытта ең өнімді болған Абай мен Әл-Фараби аудандық соттары және Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық соты болды. Үш сотта да медиация арқылы бітімге келтіру көрсеткіші 15 пайыздан жоғары. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырмалы түрде қарағанда, өсім бар екені байқалады. Бір ескеретіні, қолданыстағы Заңнама бойынша сот процесінің кез келген сатысында ымыраға келуге болады. Бұл қуантарлық жайт.

Сонымен қатар, соттардың жұмысын жеңілдетуге Билер кеңесі де атсалысып келетінін айтқан жөн. Шымкент қалалық сотының жанынан құрылған Кеңеске зиялы қауым өкілдері мен беделді азаматтар енген. Ауыл-аймаққа танымал, сөзі өтімді азаматтар әртүрлі санаттағы даулар бойынша тараптарды бітімге шақыруда.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ даналығы. Қала соттары медиацияны дамыту үшін бірлесе жұмыс жасағанды жөн көреді. Ол үшін жергілікті атқарушы, басқа да органдармен Меморандум жасалған.

2019 жылы Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласының Әділет департаменті,  Адвокаттар алқасы, Нотариалдық палатасы  және қаладағы Кәсіподақтар орталығымен медицияны дамытуда бірлесіп әрекет ету келісілген.

Аталған меморандум аясында қаламызда медиация кабинеттерінің саны көбейген, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеудің институттарын жан-жақты дамыту және белсенді түрде енгізу мәселесі бойынша әртүрлі шаралар бірлесіп атқарылуда.

Соның бірі, Шымкент қалалық соты мен Әділет департаменті арасында жүргізілген кеңестер арқасында, 2020 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласының Әділет департаменті жанынан Әділет органдарының қызмет бағыттарының мәселелері бойынша дауларды реттеу және оның деңгейін азайту жөніндегі Қоғамдық комиссияның құрылуы.

Бұл Комиссия ресми түрде құрылып, оның құрамы бекітілген.

Комиссия құрымына Әділет органы, оның атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету, тіркеу қызметі саласындағы және бақа бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы, Адвокаттар алқасы, Нотариаттық палата, Заң кеңесшілер палаталары, отставкадағы судья мен Әділет органының ардагері жұмыс атқарады.

Комиссия атқарушылық өндірісі барысында, Әділет органы қызметі барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдарын қарап, оның нәтижесімен ұсыным күйіндегі шешім қабылдайды.

Өз кезегінде бұл шешімді тараптар өз еркімен орындаған жағдайда тараптардың арасында туындаған дау өз шешімін табады.

Демек, тараптар араларында туындаған дау сотқа дейін тез арада шешіліп, дауласушы тараптардың уақыты, негізсіз шығындары үнемделеді.

Әрине, бұл медиацияның барынша құлаш жаюы үшін жеткіліксіз. Сондықтан осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады және оған жергілікті уәкілетті органдар мен әрбір азамат мүдделік танытуы тиіс.

Н.Биболов,
Шымкент қалалық сотының
судьясы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleБала бақыты отбасы татулығында
Next Article Медиация – дауды тиімді шешу жолы
halyqmediatory

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.