«Үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін беруге ат салысқан қыз-келіншектердің бүгінде 30 пайызы елімізде басшылық қызметін атқарады екен. Бүкіләлемдік экономикалық форумның статистикасына сүйенсек, әйелдердің бизнес, әлеуметтік мәселелердегі белсенділігі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 31-ші орында тұр.
Жалпы гендерлік теңдікті шешу 1995 жылы Мемлекет басшысымен ҚР Президенті жанындағы демографиялық саясат және отбасы, әйелдер мәселелері бойынша кеңес құрылып, бірінші рет әйелдердің жағдайларын жақсартудың мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы жасалынып, 1998 жылы Кеңес ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері бойынша халықтық комиссия болып қайта құрылды.
Ал 2006 жылы Қазақстанда гендерлік саясат жөнінде алғаш заң қабыданып, Елбасының бақылауына алынды. Жалпы, гендерлік комиссияның шетелмен біріккен жобалары бойынша 2016 жылы гендерлік саясатқа байланысты заңдардың бәрі қабылданып, парламент пен атқарушы биліктің елу пайызына әйелдер қауымы орныға бастады.
Бүгінде әйел теңдігі деген түсінік «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін екі заң 2009 жылы қабылданған болатын. 1) «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанындағы №223 – ІҮ Заңы болса, 2) «Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214 – ІҮ Заңы.
Ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң аясында азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді жұмыстар жүріп жатыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 31-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6-сәуірдегі Заңының 65-бабына сәйкес өңірлерде «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат» жөнінде арнайы комиссия құрылып, көптеген іс-шаралар өткізілуде.
Жалпы комиссияның негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру.
2. Өңірлердегі гендерлік жағдайды талдау, гендерлік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
3. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша өңірлік тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Мысалы:
– Басшы лауазымдар мен маслихат депутаттарына әйелдердің 30 пайызын ұсынуға;
– Халыққа гендерлік білім беру мен ағартуға, гендерлік білім беру жөнінде әдістемелік әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдістемелік құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, ата-аналарды гендерлік теңдік мәселелері бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштер енгізуге; экономикалық саладағы теңдікке қол жеткізу, кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнесті дамытуға, эканомикалық білім беру орталықтарын ұйымдастыруға;
– Отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге;
– Отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізуге жәрдемдесу.
4. Ерлер мен әйелдер және балалардың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгізу;
5. Облыстық, жергілікті атқарушы және өкілді органдарымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құраларымен отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
6. Жергілікті органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының Комиссияның құзіретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау, қала әкімінің тиісті ұсынымдарын, облыс әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға жолдау;
7. Отбасы, гендерлік теңдіктің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.
Әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Елімізде отбасының да қоғамның да алтын қазығына айналып келе жатқан әйелдер қауымы күн санап артып келеді.
А.Рустемова, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.