• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Әкімшілік әділет: жаңа заңнан не күтеміз?
Заң және заман

Әкімшілік әділет: жаңа заңнан не күтеміз?

halyqmediatoryBy halyqmediatory13.02.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Әкімшілік әділет: жаңа заңнан не күтеміз?
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жоғарғы Соттың судьясы Аслан Түкиев пен жоғары сот органының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) негізгі жаңашылдықтары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет», – деген болатын.

Әкімшілік әділет «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Жаңа заң ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін бермек.

Жеке немесе заңды тұлғаға мемлекеттік органмен дауласу кезінде тұтас бюрократиялық аппаратпен соттасуға тура келеді. Қазір мұндай даулар азаматтық іс жүргізу тәртібінде қаралуда. Азаматтық процестік кодекске сәйкес, тараптар тең. Дамыған юрисдикциялар мұндай дауларда тараптар тең емес деп есептейді.

Орта есеппен алғанда бізде 1000 адамға шаққанда бар болғаны 1,4 жария-құқықтық даудан келеді. Дамыған елдерде мұндай дауларды қараудың тәжірибесі қалыптасқан (1000 азаматқа орта есеппен 2-ден 5-ке дейін).

Бұл цифрлар құқықтық реттеудің қолданыстағы моделінің латенттік сипатының жоғары және тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Аталған санаттағы істердің келешегіне күмәнмен қарағандықтан, азаматтар сотқа жүгіне бермейді. Осындай жағдайды реттеу мақсатында ӘРПК қабылданды.

Кодексте әкімшілік сот ісін жүргізу үшін «соттың белсенді рөлі» деп аталатын жаңа өміршең қағидат бекітілді.

Азамат мемлекеттік органның шешімімен келіспесе, сотқа талап арызбен жүгінсе жеткілікті. Бұл талаптар «мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы» қағидаты бойынша қаралады. Мемлекеттік орган сотта өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс.

Сот тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қалмай, дауды шешуде маңызға ие барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттейді. Сот өз бастамасы бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер жинауға құқылы.

Кодекске сәйкес, ауыртпалық түсіретін заңсыз акт шығарылған жағдайда оның күші міндетті түрде жойылады, ал заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшін жойған кезде әкімшілік рәсімге қатысушының сенім құқығын қорғау қағидаты назарға алынады. Бұл қағидат – қабылданған әкімшілік актінің заңды және дәйекті болып табылатындығының, ал мемлекеттік органның қателігі, егер тікелей кінәсі болмаса, адамға зиян келтірілмейтіндігінің кепілі.

Әкімшілік процестің жаңашылдықтарына талап қою түрлері, сот талқылауының шектері және сот бақылауы да жатады.

Әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етеді. Жауапкерден сот шешімін орындауға процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде ақша өндіріп алу көзделген, ол сот шешімі орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Сот шешімін орындамаған жағдайда жеке, лауазымды, заңды тұлға немесе оның өкілі мөлшері 50-ден 100 АЕК-ке дейінгі соманы төлейді.

Бүгінгі таңда мемлекет пен азамат арасындағы даулар жалпы юрисдикциялық, сондай-ақ экономикалық және азаматтық соттарда қарастырылады. Олардың барлығы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әкімшілік соттардың қарауына өтеді. Тиісінше, бұл соттар судьялардың қолданыстағы штат санын қайта бөлу негізінде құрылатын болады.

Азаматтардың құқықтарын неғұрлым тиімді қорғау мақсатында республикада 21 жаңа әкімшілік сот құрылады, олардың 17-сі – облыс орталықтарында және 4-еуі – Қаскелең, Семей, Жезқазған, Екібастұз қалаларында жұмыс істейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде істерді қарайтын әкімшілік соттың атауы «Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған аудандық сот» болып өзгеретін болады.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЕлді дүрліктірген 5-бап
Next Article Айналымдағы заңсыз контрафактілі өнімдер
halyqmediatory

Related Posts

Бітімге келу бабалардан аманат

15.09.2022

Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең

09.09.2022

Неке шарты – мүліктік даулардың алдын алады

24.06.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.