• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу қажет
Ақпарат

Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу қажет

PressaBy Pressa03.12.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінде еліміздің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде күрес жүргізу болып отыр. Бұл жеке адамның бойындағы кемшілік қана емес, сондай-ақ, тұтас мемлекеттің экономикалық, ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін зиянды фактор. Қоғамның алға жылжуын тежеп, іштен тоздыратын, әлемдік бәсекеде аяқтан шалатын кесір екені де ақиқат. Әсіресе тәуелсіздік туын көтергеніне небәрі отыз жылға жуықтаған Қазақстан секілді елде жемқорлық дертінің кеңінен дамуы өте қауіпті. Әрине, Қазақстан болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Халықаралық ГРЕКО ұйымының, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының мүшесі. Десек те әлі талай сын кезеңдерінен өтеріміз анық.

Өтпелі кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз үшін қоғамға жат, зиянды кесірлерден арылуымыз керек. Себебі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы әбден мүмкін».

Жалпы сыбайластықтың үстемдік құруы бүкіл әлемнің бас ауруына айналған. Француз философы Шарль Луи Монтескье: «қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді» деген екен. Бүгінде дүниежүзінің бірқатар елдері бұл індетті жоюдың бірқатар әдісін қолданып жатыр. Мәселен, Франция, Сингапур, АҚШ секілді елдерде пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жауапқа тартылады. Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы Заң қабылданған. Сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер мемлекеттік лауазымға қайтып орала алмайды. Сондай-ақ, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жұмыс істейді. Әйтсе де бұл дертпен күресті заң аясында ғана емес, әрбір азаматтың жеке парызына айналдыру қажеттілігі туындап отыр. Қоғамда жемқорлыққа қарсы жек көрініш сезімін туындату, төзбеушілік пен құқықтық мәдениетті басты орынға шығару мәселесі ұмытылмау керек. Адалдық ұғымы салтанат құрғанда ғана сыбайластық кесапатының тамырына балта шабылары сөзсіз. Жемқорлықтың қоғамға кең таралмауы үшін баршамыз бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін жас ұрпақтың бойына балабақшадан бастап, мектеп қабырғасында, жоғарғы оқу орындарында «жең ұшынан жалғасу» тұтас ұлттың болашағына қауіпті құбылыс екенін ұғындыра білуіміз қажет. Жастардың санасына бұндай зиянды әдеттің түбі жақсылыққа апармайтынын шым-шымдап сіңіре білгеніміз абзал. Бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыра алған жасөспірімнен еліне адал, Отанына жанашыр, жарқын болашаққа батыл қадам жасайтын азамат шығары сөзсіз. Демек, жас ұрпақты рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін биік ұстауға үйреткеніміз абзал. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бүгіннен кіріскеніміз жөн. Бүгінгі жасөспірім – елдің ертеңгі тірегі. «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» дейді әйгілі Махатма Ганди. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай күші мен табандылығы, сенімі мен қайраты бар саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, болашақта қауіптің кесірі тимесі анық.

Дәурен Сайханов,
Шымкент қаласының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының төрағасы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМедиация тәжірибесін дамытудың маңызы зор
Next Article Тіл – ұлттың рухани байлығы
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.