• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Контрафакт проблемасының өзектілігі және онымен күресу
Тәлім

Контрафакт проблемасының өзектілігі және онымен күресу

PressaBy Pressa16.10.2020Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Контрафактілік өнім дегеніміз – еліміз бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын бұза отырып жалған өнімдерді айналымға тарату немесе басқаша мақсатта пайдалану.

«Тауар таңбалары, қыз­мет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жер­лердің атаулары туралы» Заң елі­міздегі тауар таңбалары, қыз­мет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жер­лердің атауларын тіркеуге, құқықты қорғауға және пай­да­лануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерінде сатылуда. Ал, лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер саусақпен санарлық.

Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері әсерін беруі мүмкін. Айталық, сіз дәрігердің нұс­қауымен асқазанға емдік әсе­рін беретін дәріні сатып ал­ып пайдаландыңыз. Алайда, сізге бұл дәрі дауа болмай, қайта асқазан ауруын қоз­ды­рып жіберді.

Осы кезде сіздің пайда­ланған дәріңіздің таза өнім екеніне күмән туады.   Жал­ған өнімдер туралы хабары жоқ адамдардың кейбірі дәрі­нің кері әсерін өзінің ден­сау­лығынан көрсе, кейбірі дәрігер нұсқауының дұрыс бол­ма­ғандығын алға тартады. Осын­дай жалған өнім әсерінен денсау­лыққа үлкен зиян келіп, адам­ның сау органы ауруға шал­дығуы да әбден мүмкін.

Сол сияқты, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін, құрылыс заттарын заңсыз өндіріп, саты­лымға шығару, оны сатып алу­шыларды шығынға батыруы мүмкін.Тауар таң­ба­сын пайдаланып, сапасыз өнім­дер­ді өндіру төмендегідей жағдай­ларға әкеп соғады:

– заңсыз өнім құқық иегер­лері болып табылатын ком­па­ния­лардың аттарына кір кел­тіріп, олардың абыройын түсіреді;

– осы өнімдерді пайдалану­шы адамдардың наразы­лық­та­рын тудырып, оларға мораль­дық зиян келтіреді;

– адамның денсаулығына, (өміріне) зиян (қауіп) әкелуі мүмкін;

– құқықбұзушылыққа бар­ған адамдар заң жолымен жазаланады.

Десе де жеңіл ақшаның көзін тапқандар әзірге заң орындарына ырық берер емес. Әрі қарапайым жұрт лицензиясы бар өнім мен контрафактілік өнімнің айырмашылығын біле бермейді.

Қазіргі таңда, Қазақстанның тұтыну нарығында, сондай-ақ жалпы әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Адамдардың көпшілігі контрафактінің тигізетін залалын сезбейтіндіктен, сапасыз тауарларды өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, сатып алушы үнемдеу мақсатында әдейі арзан жасанды затты сатып алады. Қазақстанның тұтыну нарығында сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикасына, ел беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Адал ниетті тұтынушылардың қатысуынсыз контрафактілік өнімдерге қарсы күресте  табысқа жету мүмкін емес.

Көптеген адамдар азаматтарды контрафактілік өнімнен қорғаумен мемлекеттік органдар өз ынтасы бойынша айналысады деп ойлайды. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін тауарларға (медициналық дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдері және т.б.) қатысты осылай, ал кез келген жасанды тауарлардың басқа санаттарынан  азаматтар қорғалмаған.

Қазақстандық нарықта танымал әлемдік брендтердің жасанды тауарларының саны көп. Жасанды тауарлар нарыққа әлдеқашан шыққан және бір-бірімен бәсекелес. Контрафактілік өнімнен айыруға  құқық иеленуші компаниялардан (бренд иесінен) өзге ешкім қызығушылық танытпайды.  Компания өзі жеке немесе өзінің өкілі арқылы елдегі мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіне алады және осыдан кейін құқық иеленушінің арызы бойынша ғана құзырлы органдардың бұзушыларға қарсы  әрекеттерді жасау құқығы пайда болады.

Контрафактілік өнімдерді сатумен айналысудың жағдайларында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауы немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану болып табылады.

Егер ҚР Қылмыстық Кодексінің 3 бабының 38 тармақшасына сәйкес, ірі залал ҚР ҚК-нің 222 бабында көзделген жағдайда азамтақа, яғни жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен 200 есе асатын сомада келтерелген залал, немесе ұйымға (ЖШС-не) айлық есептік көрсеткіштен 2000 есе асатын сомада келтерелген залал – келтірілген ірі залал болып табылады.

 

Мухтар Абдезов,

Шымкент қаласы әділет департаментінің бөлім басшысы  

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleДүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы
Next Article «Медиация рәсімін жүргізу ережелері және дауларды реттеудің практикалық дағдылары» тақырыбында семинар тренинг өткізілді
Pressa

Related Posts

“Шаңырақ” орталығында «әкелер мектебінің» алғашқы кездесуі өтті

02.04.2021

Салалық келісім – білім беру қызметкерлерінің мүдделерін қорғаудағы маңызды құжат

02.04.2021

Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу қажет

03.12.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.