• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты отбасылық дауларды азайту
Медиация

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты отбасылық дауларды азайту

PressaBy Pressa30.09.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Отбасылық сот пилоттық жобасының енгізілуіне, еліміздегі неке бұзулардың санының көбеюі, отбасы құндылығының төмендеуі негіз болған. Пилоттық жобаның мақсаты – отбасылық дауларды азайту және отбасын сақтап қалу, оның мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында тәрбиеленуі болып табылады.


Қазіргі таңда бұл пилоттық жобаға арнайы тағайындалған татуластырушы-судьялар, сотқа арызданған тараптар қатысуда. Жоба аясында некесін бұзуға бел буған отбасылармен аудан әкімшілігінде құрылған арнайы топ жұмыс жасайды. Бұл топқа мамандар (психолог, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелердің өкілдері және т.б.) кіреді. Сонымен қатар, ауданымызда «Аналар алқасы», «Билер кеңесі» институттары құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде.


Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, судья отбасылық қарым қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою арыздарды өндірісіне қабылдамастан, 10 жұмыс күн ішінде тараптармен жұмыс жасап, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдағанша, татуластыру рәсімдерін жүргізеді.


Десек те, ажырасып жатқан адамдардың саны азаяр емес.


Менің ойымша, бұндай санаттағы істер бойынша міндетті түрде сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу тәртібін енгізу қажет. Мысалы, тараптар неке бұзу туралы арызын алдымен арнайы құрылған топқа береді, ол топ олармен тиісті жұмыстарын жүргізіп, оларға татуласу үшін мерзім береді. Егер тараптар татуласпаса, онда сотқа талап қою арызын береді. Сот, талап қою арызды, бұл тәртіп сақталмаса, өндірісіне қабылдамайды.


Бүгінгі күнде отбасын сақтап қалу бойынша жұмыстар тек бір жақты, яғни соттармен ғана жүргізіліп жатыр. Мен, отбасын құрған адамдарды отбасылық этикетке, отбасылық жоспарлауға үйрету қажет деген пікірдемін. Яғни, бұл жұмысты басқа мемлекеттік мекемелер де қолға алу қажет.

Л.Ж.Дүкенбаева,
Талас аудандық сотының судьясы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleНЕКЕНІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ
Next Article Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы
Pressa

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.