• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » НЕКЕНІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ
Медиация

НЕКЕНІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ

PressaBy Pressa30.09.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Даулар мен қақтығыстар өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың кейбірін ымыраға келу арқылы шешуге болады. Басқалары соттың талқылауы мен әділеттілік органының шешімін талап етеді. Жалпы қазақ халқы қашан да отбасы беріктігі мен шаңырақтың щайқалмауын жоғары қойған. Ал бүгін де «отбасы ошақ қасындағы әңгімені» дау қылып, сотқа жүгінетіндердің саны артуда. Отбасылық даулардың әулет ақсақалымен емес, сот арқылы шешілетіні өкінішті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, әке, ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті», – деп баса көрсетілген. Осы жүктелген міндет елімізде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі негізінде жүзеге асырылады.


Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі тараптың көңілдерін, олардың талап – тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін бұзу қажет, не ерлі-зайыптыларды татуластыру мақсатын көздеп, мерзім береді.


Қазіргі таңда сот жүйесінде және сотқа дейін отбасыны, заңды некені сақтап қалу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен «Отбасылық сот» жобасы қолға алынып, татуластыру жұмыстары жүргізілуде. Мойынқұм ауданында сотқа дейінгі және сотқа келіп түскен даулар бойынша татуластыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Билер кеңесі, «Бастау» жұмыс тобы құрылып, жұмыс жасауда. «Бастау» жұмыс тобы азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, нотариустың, психологтың қызметі бір арнаға тоғысқан бірыңғай алаңы. Некені бұзу туралы азаматтық істі қараған кезде судьяның алдында тұрған міндет ерлі-зайыптыларды ажырату емес, керісінше татуластыруға, бір сөзбен айтқанда заңды некені сақтап қалуға негізделеді.


Әдетте отбасылық қайшылықтарға ұрынған жұптар психолог мамандардың көмегіне жүгіне бермейді. Ерлі-зайыптыларға ашу-үстінде асығыс шешім қабылдамас үшін заң аясында ойлануға, татуласуға мерзім беріледі. Райынан қайтпауға бел буып келген кейбір жандарға судьяның шеберлігі мен парасаттылығының арқасында бейбіт шешімге келіп, табысып кеткендері де жоқ емес. Жыл басынан Мойынқұм аудандық сотында «Бастау» жұмыс тобының қатысуымен ерлі-зайыптылар татуластырылып, 3 отбасын сақтап қалды. Сонымен қатар, 21 жасқа дейін алимент өндіру туралы 1 азаматтық іс бойынша тараптар татуласып, іс өндірістен медиация тәртібімен қысқартылған.


«Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар отбасы іргесінің берік болуына, отбасы құндылығының маңыздылығына жіті мән беруге, отбасын сақтап қалуға және баланың толық отбасында қалыптасып, өсуіне өз ықпалын тигізуде.


НЕКЕНІ САҚТАУ-ҰЛТТЫ САҚТАУ!!!

Б.К.Далибаев,
Мойынқұм аудандық сотының судьясы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleОтбасылық қатынастар саласындағы сотқа дейін реттеу
Next Article «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты отбасылық дауларды азайту
Pressa

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.