• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Соттасуға уақыт жоғалтпай, бітімге талпынайық!
Ақпарат

Соттасуға уақыт жоғалтпай, бітімге талпынайық!

PressaBy Pressa22.05.2020Updated:24.05.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мыңдаған мақала, күн сайынғы кездесу (дөңгелек үстел, семинар аясында), жүздеген жүздесу (эфирде), әлеуметтік желідегі әртүрлі посттар мен бейнехабарламалар, осының бәрі – медиация жайында. Расында айтылмаған ойлар мен талқыланбаған пікір жоқтың қасы деп тұжырымдасақ қателеспеспіз. Өкінішке орай, жасалған іс-шаралар тиісті, күтілген нәтижесін әлі көрсетер емес. Сол себепті, бүгінгі мақала тағы да – медиaция жайында болмақ. Абай атамыз өзінің бірінші қара сөзінде айтқандай: «…ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі…».

Медиация сөзінің шығу тарихы, мәні, заңның қабылдануы және статистикалық мәліметтер туралы жазу артық болар, сол себепті медиация тараптарға не береді, оның сот саласына тигізер септігі қандай, кемшіліктері бар ма, толықтыруды қажет етеді ме деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Қарапайым оқырманға түсінікті болу үшін салыстырмалы түрде жүйе ретінде қарастырайық, яғни дауды медиациялық келісіммен немесе сот тәртібімен шешудің айырмасы қандай.

   Ал енді нақтырақ тарқатайық. Азаматтық дау сот тәртібімен шешілсе…

Ал медиация болса…

Әрине, бұл көрсетілген жағдайлар медиацияның толық оң тұсын сипаттауға жеткіліксіз.

Әлеуметтік желіде кейбір азаматтар неге сот медиацияны ұсынады, ол тек қана сот төрелігін жүзеге асыруы қажет деген пікір айтуда. Кез-келген адамның өз ойы болғаны табиғи құбылыс. Бірақ, түсіндіруді қажет ететін жайт, даудың келісіммен аяқталуы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудің ең тиімді жолы, ал ол – сот үшін басты міндет.

Медиациялық келісімнің кем тұстары жоқ десек қателеспеспіз. Айтылатын тек бір ғана ұсыныс, сотқа дейін жасалған медиациялық келісімге атқару парағының күшін беру. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы уақытты едәуір қысқартып, медиаторлардың жауапкершілігі мен рөлін арттыратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, медиацияның тиімділігі ретінде борышкердің оны орындаудағы ынтасын айтуға болады. Мысалы сот шешімі баршаға міндетті болғанымен, егер борышкер өзінің табысын жасырса, оның ешқандай мүлкі болмаса, сот актісін іс жүзінде орындау біраз қиындыққа алып келеді. Ал медиация тараптардың ортақ шешімі болғандықтан, борышкердің шынайы материалдық жағдайын ескере отырып жасалғандықтан, борышкер өз міндетін уақытында және толық орындауға ынталы болады.

Өзіне және өзгеге құрметпен қарайтын адамға тиісті нәтиже шығару үшін айтылған ой аз емес сияқты. Бітімге талпынайық ағайын!

Азизхан Баймахан, 
Орал қаласының №2 сотының судьясы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАбайдың дауларға қатысты билік бітімдері
Next Article Дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі қоғамдық комиссия құру туралы шешім қабылданды
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.