• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыс бойынша брифинг өтті
Ақпарат

2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыс бойынша брифинг өтті

halyqmediatoryBy halyqmediatory26.07.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Брифинг Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің атқарған жұмысы бойынша Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялық орталығында өтті.

Спикерлер ретінде кеңсе меңгеруші Әкежан Елшібаев және Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби қатысты.

Ә.Елшібаев өткен жартыжылдықтың маңызды мәселесі – жаңа Әкімшілік соттың ашылуына бағытталған ауқымды жұмыс болғанын айтты. Бұл сот мамандандырылған соттар ғимаратында орналасқан.

Жаңа әкімшілік соттың судьялары мен сот мамандарын қала соттарының штатын көбейтпей, ішкі резерв есебінен жүзеге асырды. Жаңа әкімшілік сот орналасқан «Мамандандырылған соттар» ғимаратының 4-қабатында жөндеу жұмыстары да ішкі мүмкіншіліктер есебінен жүргізіліп, сот қызметкерлерінің кабинеттері қажетті жиһазбен және IT-жабдықтармен жарақтандырылды. Сонымен қатар, қолдағы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, фронт-офисті қажетті ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік орган шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңсыздығы туралы талап арызбен осы сотқа жүгінуде. Әкімшілік әділет азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тетігіне айналады.

Қ.Дүйсенби соттардағы іс-шаралары мен жаңалықтарды азаматтарға жеткізу телерадио, баспа, электрондық БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетінін айтты.

Сот мамандары әлеуметтік желілерден жеке парақшаларын ашып, сот кеңселерінің мобильді телефон нөмірлері жарияланды. Мұндай қадам халықпен кері байланыс орнатып, сот қызметіне қатысты сауалдарға дер кезінде жауап беру үшін жасалды.

Азаматтардың құқықтық сауатын көтеру, заңнамалардағы өзгерістер мен сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды халыққа жеткізу және медиацияны насихаттау мақсатында «Ontustik» телеарнасында ақпан айында «Сот және қоғам» бағдарламасын ашып, 9 тақырып бойынша хабар түсіріліп, эфирден көрсетілді.

Соттар әкімшісі басшысының бастамасымен сәуір айында, «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығымен, Медиация орталықтары басшыларының қатысуымен, ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.

Жыл басында Б.Мейірхановтың бастамасымен Шымкент қалалық сотының ғимаратында «Еркін аумақ» бөлмесі ашылып, мұнда сот қызметкерлеріне жұмыстан тыс уақытта бір сәт демалып, кітап оқуларына жағдай жасалған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМемлекеттік тіл және рухани жаңғыру
Next Article Шымкент қалалық сотының бақ-пен байланысы нығайған
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.