• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді
Кұқық

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі əкімшілік рəсімдерін, əкімшілік рəсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ əкімшілік сот ісін жүргізу тəртібін реттейді.

Мемлекеттік органдар, əкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Кодекстің 120-бабында осы санаттағы істер бойынша татуластыру рəсімдерін жүргізу тəртібі белгіленген.

Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жəрдемдеседі.

Кодекстің талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде əкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы əкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Мұндай татуласу жауапкердің əкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.

Жауапкердің əкімшілік қалауы дегеніміз не?

Əкімшілік қалау – əкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда жəне шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі.

Заңнаманың талабына сай, татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады жəне оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды.

Мұндай келісім мəжбүрлеу тəртібімен орындаушылық талаптарға сай келуге жəне тараптарды татуластыратын шарттарды, сондай-ақ сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тəртібін қамтуға тиіс.

Заң талабына сай, келісім шарттары заңға қайшы келмеуі жəне басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы тиіс.

Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш хатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарап, оны бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Əрине дауласушы тараптар мұндай келісімді ерікті түрде орындауы тиіс. Ал, егер орындалмаса, ол, келісім жасаған адамның өтініш хаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мəжбүрлеп орындатуға жатады.

Осы санаттағы істер бойынша татуласу рəсімдері бірінші сатыдағы, апелляциялық жəне кассациялық сатыдағы сотта жүргізіледі.

Н.Биболов Шымкент қалалық сотының судьясыН.Биболов. Шымкент қалалық сотының судьясы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Некені тіркеуші органдар тарапымен бұзудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел
Next Article Татуласудың төте жолы
halyqmediatory

Related Posts

Түркістанда өткен шарада жастардың құқықтық мәдениеті сөз болды

24.06.2021

Құқықтық тәрбие

24.06.2021

Медиация қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды элементі

02.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.