Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы міндетін атқарушы Бекназаров Әбдіғаппар Өсербайұлының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баяндады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері, – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулы-ғын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады.
1. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 2020 жылғы 6 ай мерзімінде 4 106 әкімшілік іс түскен. Ал, 2019 жылдың 6 айында 5 342 әкімшілік іс түскен, яғни былтырғымем салыстырғанда 1 236 іске, яғни 12,3 % кем түскен.
Жоғарыда айтылған 4 106 әкімшілік істің 3 887 әкімшілік ісі негізімен қаралып, 293 іс өндірістен қысқартылып, оның ішінде 119 іс медиатордың қатысуымен, яғни тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған.
Осы жылдың 1-ші жартыжылдығында сот қаулысымен 1999 әкімшілік іс бойынша айыппұл салынып, айыппұл соммасы 204 039 911 теңгені құраған.
Соттың қаулысымен 697 іс бойынша ескерту түріндегі жаза, 608 іс бойынша әкімшілік қамаққа алу әкімшілік жазасы қолданылған, 342 іс бойыншажүргізушілерге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қаулы қабылданған. Сонымен қатар, 76 әкімшілік іс бойынша шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшінҚазақстанның шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу туралы шешім қабылданған және 21 әкімшілік іс бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеутуралы қосымша жаза қабылданған.
Өткен алты айда әкімшілік істер бойынша құзырлы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қателіктерге жол бергені үшін судьялар тарапынан 82 іс бойынша жекеше қаулы қабылданып, кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерлерге шара көру үшін тиісті мекемелерге жолданған. Бүгінгі күнге дейін жекеше қаулылардың 59-ы орындалған, 23 қаулы орындалу сатысында.
Осы мерзім аралығында жалпы 175 сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағым немесе өтініш хат /наразылық/ келтірілген. Бұл көрсеткіш барлық қаралған істер бойынша сот актілерінен 4,5 %-ын құрап отыр.
2019 жылдың 6 айында 171 сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағым немесе өтініш хат /наразылық/ келтірілген. Бұл көрсеткіш барлық қаралған істер бойынша сот актілерінің 3,2 % құраған болатын.
2. Елімізде осы жылдың наурыз айында ел Президентінің Жарлығымен 16 наурыздан бастап «Қазақстанда төтенше жағдайлар енгізілген», бірақ ол кезде соттың жұмысы тоқтаған жоқ, 16 наурыз бен 11 мамыр күндері аралығында төтенше жағдайдағы шектеулерді бұзғаны үшін Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабымен 1015 әкімшілік іс, 478-бабымен 4 әкімшілік іс, жалпы 1019 адамға қатысты әкімшілік іс қаралған. Әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты 68 әкімшілік іс бойынша тұлғалар жауапкершіліктен босатылған. Ал, 3 әкімшілік іс ведомстволық бағыныстылығы /соттылығы/ бойынша негізімен қарау үшін уәкілетті органдарға жолдаған. Төтенше жағдайдағы шектеулердің талаптарын сақтамағаны үшін 109 адамға әкімшілік қамаққа алу, 204 адамға қатысты он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік 5 477 040 теңге айыппұл, 635 адамға қатысты әкімшілік істер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалған. Төтенше жағдай енгізілген кезден бастап барлық сот отырыстары цифраландыру мүмкіндіктерін қолдана отырып скайп және трюконф бағдарламасы арқылы онлайн тәртіппен қаралуда.
Қазіргі карантин кезінде тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды заңсыз сатумен айналысқан жеке және заңды тұлғаларға қатысты ӘҚБтК-нің 426 бабы 3 бөлігімен әкімшілік істер қаралуда. Ол істер бойынша тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттарды мемлекет пайдасына тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Шымкент қаласының әкімшілік сотының судьялар мен мамандар тарапынан заңдарДЫ түсіндіру бойынша жоғары оқу орындарында студенттермен кездесу ұйымдастырылып, 4 лекция оқылды. Бұқаралық ақпарат құралдарына 4 сұхбат беріліп, газет беттерінде 13 мақала және қалалық соттың сайтында 36 материал жарияланған.
3. ҚР-ның ӘҚБтК-не 2019 жылдың 27 және 30 желтоқсанында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Оның ішінде: 744-баптың бірінші бөліктері мынадай редакцияда өзгертілген: 1. 2019 жылы ҚР-ның Жоғарғы Соты тарапынан «Түнгі сот» пилоттық жоба ретінде енгізілген болатын, осыған орай қазіргі таңда заңға өзгерістер енгізіліп істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеу, құқығы енгізілген. Мұндай істер істер сотқа түскен күні қаралып, сол күні қаулы заңды күшіне енеді. Яғни, жол көлік оқиғасына қатысушы тараптар сол күні құжаттарды сақтандыру мекемелеріне өткізіп тез арада тиісті өтемдерін алуға мүмкіншіліктері бар.
- ӘҚБтК-нің 608 бабының 1-бөлігіне сай, егер «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру», бабы бойынша – ескі санкциясында көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғатыны қарастырылса. Ал, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап оның санкциясында он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады». Сонымен қатар, осы баптың 3 бөлігінде «осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер», үшін ескі санкциясында бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру қарастырылған. Жаңа заң бойынша жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді және осы 608 бабына 3-1 бөлігі енгізілген «Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер» үшін жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді деп заңға өзгертулер мен толықтырумен енгізіліп жауапкершілік күшейтілген.
- ӘҚБтК-нің 612-бабын 3-бөлігіне сай, егер «көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқарған болса, ол үшін он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соққан. Ал қазіргі таңда жаңа заң бойынша елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
- ӘҚБтК-нің 613-бабын 4-бөлігіне сай, егер Ішкі істер (полиция), органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау» үшін көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады деп қарастырылған болса, Ал қазіргі таңда жаңа заң бойынша он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. ӘҚБтК-нің 73-бабында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер», яғни- «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соққан. Ал қазіргі таңда «ескерту жасауға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады» – делінген, Осы тұрғыда әкімшілік іс қарайтын судьялар бұндай істерді қарау барысында әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының 2020 жыл 26 маусымдағы Заңымен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 10-тарауына қосымша 73-3-бабы енгізілген –яғни, «Жала жабу» үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Ал, бұрын ол үшін қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылған болатын.