• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Ақпарат

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

halyqmediatoryBy halyqmediatory24.06.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1950 жылдан бастап – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы балалар құқықтары туралы Конвенция қабылданып бұл құжатқа бүкіл әлем балаларын қорғау туралы заң мен жобалар енгізілді. Біздің Республикада балалар құқығына үлкен назар аударылатынын атап өту керек. Мәселен, бала құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне 2008 жылғы 8 тамыздағы «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңы арналған, 1998 жылғы 17-желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы», сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер бар. Тарихына тоқталып өтетін болсақ, 1949 жылы Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы болып өтеді. Бұл конгерссте балалар бақыты, әлем тыныштығы жайында сөздер айтылады. Себебі екінші дүниежүзілік соғыстан соң балалар денсаулығы алдыңғы мәселелердің бірі болатын. Соғыстан соң көптеген балалар қараусыз қалған болып, олардың көз жасы мен зары әлем жұртшылығы назарын еріксіз өзіне аударған болатын. Париждегі әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясынан кейін 1-маусым балаларды қорғау күні дүниежүзінде мерекеленетін болды. Жаңа бастаманы көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды.

Мерекені тойлаудың басты миссиясы – жұртшылық назарын проблемалы балаларға, олардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде өсуіне көз жеткізу. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда жас ұрпақты жағымсыз факторлар әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін және жас ұрпақтың дамуы үшін барлық алғышарттарды құруда ювеналды әділет органдарын құрудың өткір қажеттілігі туындады.

Ювеналды соттар көптеген өркениетті елдерде кызмет атқарады, іс тәжірибеде олар өздерінің тиімділігін дәлелдеді, алдымен олар балалар құқықтарын қорғауға және баламен жасалатын қылмыстың алдын алуға мақсатталған. Сондықтан Қазақстанда ювеналды әділет құру көкейтесті міндеттің бірі болып отыр. Ювеналды әділет – кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі. Бұл жүйенің негізінде «parens patrie» доктрина жатыр, осыған орай кәмелетке толмағандар үшін оларға зиян келтіру ортадан және қауіп төну тәртібінен сақтай отырып мемлекет қамқоршы немесе жауапты тұлға болып келеді. Елбасы бастамасымен 2012 жылы облыс орталықтарында мамандандырылған соттар құрылды. Бұл бастаманы біздің ел ТМД-да алғаш болып қолға алды.

2012 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің «ювеналды сотын құру  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығуына байланысты, 2012 жылдың 1 сәуірінен Республикамыздың кәмелетке толмаған азаматтарына қатысты азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарайтын, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өз жұмысын бастады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының негізгі міндеті бала құқығын қорғау және оларды оңалту.

Осылайша, халықаралық құқықтық стандарттар талаптарын ескере отырып, сот өндірісін жетілдірудің маңызды құралы ретінде соттардың мамандануы бойынша сот реформасының тағы бір басым бағыты нақты өмірге енді.

Елімізге халықаралық–құқықтық құжаттарда ұсынылып отырылған, ювеналды әділетті енгізу, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге елеулі өзгерістер әкелуде.

Бала құқығын қорғау бейбіт болашақ кепілі. Балаларды қорғайық. Себебі: балалар мейірімділіктің символы. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Жас ұрпақ  жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз, болашақтың алтын діңгегі! Сондықтан тағы да мереке құтты болсын!

Д. Т. Сайханов. Шымкент қалалық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Жақсының қасиеті – жарастыру, жаманның қасиеті – таластыру»
Next Article Шымкент қалалық сотында журналистер мен блогерлерге арналған пресс-тур өтті
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.