• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ-ҚОҒАМ ҚАЗЫҒЫ
Отбасы психологиясы

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ-ҚОҒАМ ҚАЗЫҒЫ

PressaBy Pressa03.12.2020Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары.

Отан-отбасынан басталады. Ал сол шаңырақтың берік болуы отбасылық құндылықтарға, тәлім тәрбиеге байланысты. Жастарды ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса, ең бірінші алға қойған үлкен мақсаты әрі асыл арманы болса керек.

​Танымал Американдық әлеуметтанушы мен психолог Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Қазіргі таңда ажырасу әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Жалпы ажырасу деңгейінің жоғары болуы бірнеше факторларға байланысты. Ол факторларға тұрмыстық зорлық-зомбылық, ер немесе әйелдің ішімдікке, есірткіге тәуелділігі, жұмыссыздық, көзге шөп салу, материалдық қиындықтар, бедеулік және жұбайлардың өмірге деген көзқарастарының сәйкес келмеуі.

​Отбасының дәстүрлі құндылықтары сақталмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып, олардың артында толыққанды отбасының не екенін түсінбейтін балалар қалады. Ал бұл балалар үлкен өмірге қадам басқанда өз өмірлеріне де осы дәстүрді әдетке айналдырады. Толық емес отбасыларда өскен балалар толыққанды жеке тұлға болып қалыптасу кезінде түрлі қиындықтарға бой алдырып, шын мәнінде есеймеген бала күйінде қалып қояды. Ажырасудың алдын-алу ерлі зайыптылардың қарым-қатынастарын дұрыс құрудан басталады. Отбасын құру оңай шаруа емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет.

​Шағын мемлекет-отбасының құрылуы неке қиюдан басталады. Неке қию рәсімі бұрын екі жастың ата-аналары мен туған туыстарының ортасында салтанатты түрде АХАТ қызметкерлерінің қатысуымен, мемлекеттің арнайы жабдықталған үй-жайларында немесе неке сарайларында өткізілетін.

Қазіргі кезде жас жұбайлар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электронды түрде арыз беріп, неке куәлігі дайын болған кезде ешқандай салтанатсыз, ешкімге, оның ішінде бір-біріне де ант бермей алып кетеді.

Яғни, жаңадан отау құрып жатқан жас жұбайлар некенің қадірін түсінбейді. Сондықтан неке салтанатын ұйымдастыратын арнайы орын жабдықталып, бұрынғыдай неке қию рәсімдері арнайы орындарда өтетін болса, халықтың игілігі үшін өте қажет дүние болар еді. Қазіргі таңда елімізде «COVID-19» коронавирус пандемиясының орын алуына байланысты карантиндік шектеулер жарияланғандықтан, неке қию рәсімі барлық санитариялық сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, шағын адамдардың қатысуымен өткізілуі қажет деп санаймын. Бұл қадам ең әуелі Сіз және сіздің отбасыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін аса маңызды қадам.

Той алдындағы неке қию салтанаты ғашықтар өміріндегі өте маңызды қобалжулы сәттердің бірі. Күйеу жігіт пен қалыңдыққа ата-ана, туыстары мен достарының назары аударылып, бар қошемет жұбайлардың бақытын еселей түседі. Арнайы безендірілген ғимарат, әуен, би т.б. рәсімдердің, атрибуттардың патриоттық рух сыйлап, Қазақстанның азаматы деген атқа лайық неке жауапкершілігін сезіндіру осы бір сәттен көрініс тауып тұрады.

​Сонымен қатар, отбасылық психологиялық кеңес қызметтерінің беделін көтеріп, абыройын арттыруға бағытталған кешенді үгіт-насихат шаралары да керек-ақ. Тіпті сол отбасылық кеңес орталықтары АХАЖ бөлімдерінің жанынан ашылса құба құп болар еді.

​Еліміздің соттарында неке бұзу істерін азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында Мойынқұм аудандық сотымен «Бастау» жұмыс тобының мүшелері және Билер кеңесінің билерімен бірігіп, аудандық АХАТ бөліміне некеге тұруға келген жас жұбайлармен әңгімелесу өткізіп, оларға неке және отбасы құндылықтары, баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуінің маңыздылығы туралы түсіндіріліп, неке қию куәліктері салтанатты түрде табысталуда. Бүгінгі күнге дейін 18 жас отбасымен әңгімелесу өткізіліп, жас жұбайларға неке және отбасылық құндылықтарды түсіндіріп, неке куәлігі тапсырылды.


​Жанұя – жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарасты, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғырта түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!
Әрбір ажырасып жатқан отбасыны сақтап қалуға бар күш жігерімізді жұмсайық ағайын.

Бабырхан Абуев,
Мойынқұм аудандық
сотының төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЕлімізде медиация институтын дамыту татулық пен тұрақтылықты одан әрі нығайтуды көздейді
Next Article Қыз кезінде бәрі жақ­сы, жаман әйел қайдан пайда болады? Суб­ъективті ойлар
Pressa

Related Posts

Бала бақыты отбасы татулығында

02.04.2021

Тәрбие нәрін тереңнен толға!

02.04.2021

Гүл емес, бала өсіріп жатырмыз

02.04.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.