• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі
Ақпарат

Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі

НурбалаBy Нурбала15.03.2020Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы Сот «Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі» атты сот жүйесінің жинағымен таныстырды.
Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Абай Рахметулин, Серік Әбнәсіров, Елена Максюта және Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов спикер ретінде қатысты.
Абай Рахметулин брифингті аша келе, жинақ сот жүйесінің ашықтығы қағидатына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Енді азаматтар, сарапшылар, халықаралық институттар, журналистер Жоғарғы Соттың сайтында соттар жұмысының қорытындысымен, жобаларымен және міндеттерімен таныса алады. Оның көмегімен кез-келген адам сот жүйесіндегі өзгерістерді біле алады. Ол үшін кеңеске қатысып, ресми хат жолдаудың қажеті жоқ. Жинақ жарты жылда кемінде 1 рет жаңартылады.
А.Рахметулин жинақты таныстыра келе, 2019 жылы соттар судьялық кадрлардың сапалық құрамын жақсарту, сот шешімдерінің сапасын арттыру, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының міндеттері аясында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Жоғарғы Сот 17 заң жобасын әзірледі, оның 9-ы қабылданды. Олар судьяларды іріктеу жүйесін қатаңдатуға, соттар мен алқа төрағаларының басшылық лауазымдағы мерзімдерін шектеуге бағытталған. Тергеу соттары құрылды, электронды сот ісін жүргізу енгізілді, төрешілдік азайтылды және басқа да іс-шаралар атқарылды.
2018 жылы соттарға 4,5 млн. іс түсті. Бұл соңғы тоғыз жылда түскен істердің ең көбі. Жоғарғы Соттың бастамасымен әзірленген заңдар мен жобалардың арқасында істердің саны азайды. Соттар 2019 жылы 3,3 млн. істі қарады. Күн сайын 13 500 сот актісі шығарылуда.
Егер 2018 жылға дейін орта есеппен 142 судья, 2018 жылы – 29, ал өткен жылы – 60 судья жаңадан тағайындалды. 2015-2018 жылдары жыл сайын теріс себептермен орташа есеппен алғанда 7 судья, ал 2019 жылы – 29 судья қызметтен босатылды. Өткен жылы осындай себептермен судьялар оған дейінгі 4 жылдың көрсеткішін қоса есептегенде жұмыстан 5 есе көп босатылды.
А.Рахметулин әкімшілік жазалардың кейбір түрлеріне тоқтала келе, 2019 жылы кассация апелляциядан өткен мыңдаған сот актілерінің күшін жойғанын немесе өзгерткенін айтты.
Серік Әбнәсіров «Қылмыстық сот ісін жүргізу» бөлігіндегі ақпаратты таныстыра келе, 2018 жылға қарағанда 2019 жылы соттарға қылмыстық істердің 22,5%-ға кем түскенін атап өтті. Бұған соттардың тергеу сапасына неғұрлым қатаң талаптар қоюы мен ақтау үкімдері санының артуы себеп болуда. Атап айтқанда, 2019 жылы ақтау үкімдерінің саны 2015-2017 жылдарды қоса алғандағыдан көбірек болды. 2016 жылы ауыр қылмыстар бойынша 9, ал 2019 жылы 189 адам ақталды.
С.Әбнәсіров тергеу соттары жұмысының бір бағыты – тергеу органдарының үстінен түскен шағымдарды қарау екендігін атап өтті. 2019 жылы осындай 42% шағым қанағаттандырылды. Жоғарғы Сот судьясы мұны сот бақылауының күшеюімен байланыстырды. Тергеу судьялары тергеу органдарының өтініш хаттарын қанағаттандырудан, соның ішінде адамдарды қамауға алу мен мүлікке тыйым салудан көбірек бас тартуда. Айталық, 2018 жылы адамдарды қамаққа алудан бас тартудың үлесі 8% болса, 2019 жылы 12%-ды құрады. 2017 жылы мүлікке тыйым салу өтініш хаты 94%-ға, ал 2019 жылы 77% қанағаттандырылған. Демек, бұрын өтініш хаттар түгелге жуық қанағаттандырылып келген. Соттар бұлтартпау шарасы ретінде тіпті өз бастамаларымен қамаққа алудың орнына кепілді жиі қолдана бастады.
«Жинақта көрсетілген цифрларды алдағы уақытта неғұрлым егжей-тегжейлі ашып көрсетуді жоспарлап отырмыз. Егер қазір республика бойынша деректерді көру мүмкін болса, келешекте ІТ өнім түріндегі жинақта өңірлер, тіпті істердің санаттары және т.б. бағыттар бойынша мәліметтер ұсынылады», – деді С.Әбнәсіров.
Сөз соңында ол Жоғарғы Сот судьяларды тергеу органдарына сот бақылауын күшейтуге, қылмыстың сипатына сай лайықты жаза тағайындауға бағыттайтындығын атап өтті.
Елена Максюта азаматтық сот ісі деректерімен және Жоғарғы Сот жобаларымен таныстырды. 2019 жылы азаматтық істер саны 700 мыңға дейін азайды (2018 жылы – 929 мың).
Татуластыру саны 2015 жылмен салыстырғанда 5 есе артты. 2018 жылы 39 мың, 2019 жылы 49 мыңға жетіп, 26%-ға көбейді.
«Сот төрелігінің 7 түйіні» аясында сот органдары «Мінсіз судья», «Әділ процесс», «SMART-СОТ» және т.б. жобаларды іске асыруда. Олар ең шетін міндеттерді шешуге мүмкіндік беруде.
Айдос Садуақасов 2020 жылы сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерге тоқталып өтті. Бұларға сот төрелігі сапасына мониторинг жүргізу, ӘРПК жобасын ілгерілету, қылмыстық істер бойынша кассацияға қолжетімділікті кеңейту, апелляцияның рөлі мен жауапкершілігін арттыру жатады.
Спикерлер журналистер сұрақтарына жауап берді.
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleШымкент қалалық сотында АБАЙ оқулары өтті
Next Article «Жас Медиаторлар» сот процесіне қатысты
Нурбала

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.