Қазақ билерінің үлгілі билік шешімдері қазақ әдет құқығының негізгі қайнар көздерінің қатарына жатады. Қазақ ішінде ықылым замандардан бері көптеген белгілі дуалы ауыз билердің елге өнеге, үлгі болған билік шешімдері сан ғасырлардан бері сақталып келеді. Қазақ ішіндегі үлгілі билік шешімдер ХІХ ғасырдың аяғына дейін қолданылып келді. Қазақтың билерінің үлгілі билік шешімдерін қазіргі кезеңдегі англо-саксондық құқықтық жүйеде қолданылатын соттық перецедентпен қатар қоюға болады. Қазақтардың билерінің үлгілі билік шешімдерінің адами құндылықтары адами ажары басым болды. Қазақтың белгілі ғалымы академик С.З. Зимановтың басшылығымен жүзеге асырылған «Қазақтың ата заңдарының» 10 томдығының 4-томында белгілі билердің жиырмаға тарта үлгілі билік шешімдері келтірілген болатын солардың аттарын атап кететін болсақ, оларға мыналар жатады: тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды, төрт тентектің бірі құнды, тапқан қуанады, таныған алады, жарлық сізден болғанда, жабдық бізден, бір дауға екі билік айтқан, даудан арылмас, шын биліктің өлшемі жөн сезімі, ұлан түз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды, судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ, құныкерге төлер құн көп т.б.
Соның ішіндегі «судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер» атты билік шешімге тоқталамыз. Биліктің мәні араздасқан елді әрқашан да құдалық татулыққа жетелейдіге салды. Қыз алысып, қыз беру – бірлік белгісі. Біз кезінде Сырымға Бөлтірік айтқан және Кегенбай билердің, т.б. айтқан биліктерін беріп отырмыз. Бұл биліктер қазақтың Ата заңдарының үшінші томында бар. Содан үзінділер беріп отырмыз.
Бидің өмір сүрген заманында Арғын, Матай, Уақ, Қарауыл жасық, Саржомарт елдері шека-ралас отырады. Осы елдердің бі-рінің жесір дауында өзі сияқты мінезі өр көкіректеу, ұртмінезді бай адаммен сөзге келіп қалып, қамшыласып, сабаласып жүріп, әлгінің көзін шығарып алады. Артынан арада дау көбейіп, екі ауылдың арасы егес болып, ел арасы бүлініп, кісі өліміне дейін-гі жанжалдарға барады. Ел ара-сын тынышталдырып бітімге ке-лу мақсатында аяқ жетер жердегі билердің барлығына да жүгініске барады. Алайда билердің мал кесегіне өзі онсызда қисық мінез-ді адам келіспейді: “Кескен ма-лының үстіне сондай мал қосып берейін, көзімді шығарған бай-дың көзін ойып беруге кесім шы-ғарып бер” дейді екен. Бұдан арғы арада да ел арасындағы егес тоқталмайды. Бұрын ешбір ше-шімін таппаған, асқынған даудың шешіміне жүгініске Кеген бай биге баруды ауыл ақсақалдарымен ел жақсылары ұсыныс жа-сап, келісімдерін береді.
Осы ұйғарымнан кейін жаны-на бірнеше адам алып, Кегенбай бидің ауылына келіп түскен екен.
Би ауылының күтуші азаматтары бұларды қонақасын беріп күтеді. Ертеңінде би келген қо-нақтардың бұйымтай шаруаларын сұрайды.
Қонақтар келген істің мән-жайын, егжей-тегжейін айтады. Наразылықтарын толық тыңдап ұғынысқан соң, Кегенбай би ойланыңқырап, сөзді одан әрі жалғастыра отырып, сөз арасында: “Қарсыластарыңыздың қыз баласы бар ма?” деп сұрапты. Жүгініске келушілер: “Бар”, депті. Әңгіме тетігі шешімге тақар кезде: “Олай болса, құда болғайсың, құда болсаң, немерең ұл болар, егер немерең ұл болса, ашамайға мінуге жарағанда ке-лерсің, билігіңді сонда айтармын” деп келісімге келіпті.
Бидің айтқанындай, айы-күні толғанда келін ұл тапса керек. Кегенбай бидің сәуегейлігіне тәнті болған бір беткей бай не-мересі ашамайға отыруға жара-ғанда бидің ауылына қайта ора-лады.
Кегенбай би құндаулап жүрген адамнан: “Көзің жетілді ме?” деп сұраған екен. Сонда құндаулаушы: “Жетілді” деп жауап беріпті. Кегенбай би “судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекі-тер” деген осы десе керек.
Сыпатай батыр мен қырғыздардың бір ру басы биі арасында дау туыпты. Екі ел арасында ұрыс-жанжал болады. Сондай бір қақтығыста Сыпатайдың жігіт-тері қырғыз биін қолға түсіреді. Биді Сыпатайдың алдына алып келеді. Сыпатай қырғыз биін еліне апарғызып салғызады. Едә-уір уақыттан кейін арада тағы да қақтығыс болады. Тағы бір қы-сылтаяң шақта қырғыз биі Сыпа-тайдың жігіттерінің қолына қай-та түсіп қалады. Ұрыс-жанжал-дың басы осы би екен. Сыпатай қолға түскен бидің жазасын бел-гілеу үшін билерін, кеңесшілерін шақырып, мәслихат құрады. Бір битұрып: “Мұның көзін жою керек”, – дейді. Екінші бір би: “Бұл жақсылықты білмейді”, – дейді. Тағы бір би: “Мұның ор-нына баласын би қойып, өзінің көзін құрту дұрыс”, – дейді.
Қасындағы билері түгел сөй-леп болды-ау, дегенде Сыпатай Бөлтірікке бұрылып:
– Сен не дейсің, Ыстым? – деп сұрайды.
– Менің тілімді алсаңдар, биді өлтірме, жазалама, орнынан қоз-ғама.
– Енді не істейміз? – деп қала-ды сабырсыз билердің бірі.
Бөлтірік сөзін жалғастырады:
– Бидің көзін жойғанмен, ұр-ыс-керістің көзі жойылмайды. Биліктен бидің өзін аластап, ор-нына баласын қойғанмен, олқы-ның орны толмайды, баласы әке-сіндей болмайды, «судың түбін шым бекітеді, даудың түбін қыз бекітеді». Қыз алып, қыз беріп, құда бол. Дауыңа дауа сол.
Қырғыз биі Бөлтіріктің сөзін естігенде, отырған жерінде қо-лын қусырып, басын иіп, билікке ризалығын білдіреді.
Сыпатай Бөлтіріктің билігіне тоқтайды. Содан былай қазақ -қырғыз арасында дау-дамай бол-май, екі жақ құда-жекжат болып сыйласып кеткен екен.
Матай мен Жалайыр елдері Алтынемел үшін таласып, ұрыс болғанда, екі жақтан жеті адам төртеуі Жалайырдан, үшеуі Ма-тай жағынан өледі.Ол кезде Жа-лайырды билеген Тезек төре ек-ен. Төре Күреңбелде отырған. Өзі билеген елден бір кісі артық өліп, Матайлардың есесі кетіп бара жатқан соң, аманат қойып мият-қа, Шу бойындағы қалың Дулат-қа адам шаптырады. Ал Матайлар арғынға кісі шаптырады. Шу бойындағы қазақтарды билеген Әлі төренің ордасына Жалайыр жіберген шапқыншылар келіп жетеді. Төре жөн сұраған соң, олар мынаны айтады:
– Ағайындар, ер құнды болды, нар пұлды болды. Алтынемел тауына таласып, Наймандар адамдарымызды қырып барады. Содан миятқа шақыра келдік, – дейді. Әлі төре істің жайына түсінген соң, ақылшы билерін жиып алады.
Шапыраштыдан Сұраншы ба-тырды, Талғардан Туғандай биді, Ботабайдан Қарабай, Диқанбай билерді, Сәмбеттен Дәуітәлі биді шақырып алып, оларға тай сой-ып, қонақасы береді. Бұл уақытта Жалайырдың миятқа шақыра келгенін естіген жігіттер де дайындалып, төре ауылына жиналып қалады. Шақырылған адамдар түгел келген соң төре билерге мән-жайды айтып бо-лып:
– Ағайынның шақыруына бәрің барасың ба? – дейді.
Сонда жастар жағы:
– Бәріміз барамыз, Матайларды қырамыз да жоямыз, – деп атқа мінбек болады. Осы жерде Бөлтірік сөз алады:
– Ағайын арасы қанша қыр-қысса да, аяғы бітімге келеді. Сондықтан қырқыспай жауласпай тұрып, бітісу керек, – дейді. Сонда Әлі төре:
– Олай болса, бітімге кім бара-ды? – дейді.
Мұны естіген соң әрбір ру өкілдері өздерінің билерін атай бастайды. Сиқымдар: “Шомай би барсын”, – дейді. Көпшілік оны ұнатпайды. “Бұл дау Шомай батырдай түйенің қом-шомын істеп жатқан жер емес қой”, – дейді. Сәмбеттер: “Дәутәлі би барсын”, – дейді. Бұл да өте семіз болғандықтан, көпшілік тағы қарсы болып: “Дәутәлі ыңыранып арбасымен сонау Алтыне-мелге жеткенше, ел тарап кетеді ғой”, – дейді. Жаныстар: “Қарабай би барсын”, – дейді. Қарабайдың билігінен батырлығы басым кісі екен, сол жағын еске алып көшпелік: “Қарабай баратын Алтынемелде қаптап жатқан жау жоқ”, дейді. Шапыраштылар “Сұраншы батыр барсын”, – дей-ді. Жұрт оған да көнбей: “Бұл дау Сұраншы батыр баратын ақ бі-лектің күші, ақ найзаның ұшы керек жер емес”, – дейді. Сары үйсіндер: “Сары би барсын”, –дейді. Халық оған да көнбей: “Бұл дау Сары би баратын Алтынемелде қыз-келіншектер айтысып жатыр дейсің бе?” – дейді. Дулаттар: Диқанбай, Туғанбай, Бәйімбет билер барсын деп, тағы да сөз көтереді Әлі бұларға да келіспейді. Аталған билердің бірін де жұрт ұнатпаған соң, көпшілік ішінен бір дана қарт шығып былай дейді:
– Мұндай үлкен дауға ауыздыға сөз бермейтін өте шешен, өте жүйрік адам керек. Әз ата Ысты әруағы деп өз ауыздарыңа алмай-сыңдар. Бұл дауға Ысты Бөлтірік барсын. Одан шешен, одан тап-қыр қайсың барсың? – деп біраз тоқтайды да: – Оған серік Көбек-бай, оның қасына еріп Байғазы барсын дейді. Дана қарияның бұл ұсынысы қабылданып, Алтыне-мелге сол үшеуі аттанады.
Арада бес-алты күн өткен соң елшілер өздеріне арналып тігіл-ген үйге келіп ат басын тірейді. Матайлар Қоянкөздің аржағына, Жалайырлар бер жағына тоқтай-ды. Қалың ағайындар үшін бір-неше ақ үйлер тігіледі. Матай жағынан Құнанбай, Құсбек төре, Тәнеке би сияқты Орта жүздің адамдары атқа мініп, судан өтіп, Бөлтіріктер түскен үйге келіп: “Ұлы жүздің баласы” , –деп сә-лем беріседі.
Бөлтірік одан жөн сұрайды:
– Арғыннан Құнанбайды, Тә-некені естуіміз бар, ал мынау сыпырма бөрік кигенің кім? – деп Құнанбайға еріп келген Құсбек төрені қағытады. Сонда Тәнеке би:
– Әу, Бөлтеке, байқап сөйле! Бұл кісі Құсбек төреміз ғой! – дейді. Бөлтірік мүдірместен;
– Алдияр, тіл-аузым тасқа, – деп азырақ кішілік еткен болады да, Құсбекті тағы қағытады:
– Олай болса, төре елшісіз бе, жаушысыз ба? Біздің елдің төресі ағайын арасының, дауын бітіріп кел деп, бізді жіберді, өзі үйде жатыр. Мұндай даулы жерде төреге не бар? Қайдан білейін түріңізге қарап Қызылжардың былғары сататын ноғайы екен, мына өліп жатқан адамдардың терісін сатып алуға келген ғой деп ойлап қалып едім, – дейді.
Құсбек төре қып-қызыл боп ұялып, жақ аша алмай қалады. Құсбектің жеңілгенін аңғарған Құнанбай Бөлтірік алдында кіші-лік жасай бастайды:
– Бөлтеке, сіз аға боласыз ғой, осы даудың билігін өзіңіз айтса-ңыз қайтеді? – дейді. Құнанбайдың бұл сөзіне риза болған Бөл-тірік сыпайы жауап береді.
Құнеке, “аға – бордан, іні – зордан” деген атаның салған жолы бар.
Сонда Тәнеке:
– Бөлтеке, “Аға тұрып, іні сөй-легеннен без”, – деген. Үш жүздің баласына билік айтқан Төле би атаңыз ғой, жол сіздікі дейді. Сонда Бөлтірік жүгіне қалып, қолындағы қамшысын тастай бере былай деген екен:
– Мен айтсам, істің дәлелін, биліктің әділін айтам, бұл Ал-тынемел, әуелі, Құдайдікі. Бұл жер болғалы қаншама ел көшіп өтпеді, кім жайламаған бұл жерді. Алтының – алтын, ал Еме-лің – Қалмақша емес пе? Қазақ түгіл қалмақ та мекендеген бұл жерді. Хакас, он екі баулы ноғай-лы да жерленген жер бұл. Ең ақыры қазақ қоныстанған. Аға-йындар сонау тас молаға көз салыңдаршы? Ол, ең әуелі, ноғай қонған, ал кеткен соң үйсін Шо-май қонған. Үйсін ішінде Жаныс, оның ішінде Қасқарау қонған. Сол тас мола
Алақай кемпірдің моласы. Ал-ты найманның мұрнына жел түсіп, Алақай тәуіп кезінде со-ларды алты сиырдың сүтімен ем-деп, алтауын да жазған екен. Айыққан соң орта жүздің тентек балалары тәуіптің батасын ал-май, алты сиырын айдап кетіпті. Найман сол уақытта-ақ зорлық жасаған екен. Тас мола белгісі бар Алтынемел Жалайырдікі. Жер туралы билігім сол! – дейді. Бөлтірік.
Құнанбай Бөлтіріктің билігіне дау алмай, “мақұл” дейді де.
– Ал Бөлтеке, өлген жеті адам-ның құнын алыңыз? – дейді. Сон-да Бөлтірік:
– Өлген жеті адам – Найманнан үшеу, Жалайырдан – төртеу екен. Сондықтан Найман жағы бір адамға құн төлесін, – дейді де қасында отырған Көбекбайға қа-райды. Сонда Көбекбай жүгініп отыра қалыпты:
– Есебін тапқан ерге ердің құны екі-ақ ауыз сөз ғой, қара халықтың бірлігі болса, ханның бере аты, қара тоны, кілемі болса, – деп билікке тиісті заттарды ескертіп келеді де, сөзін жалғастырады:
Найман жағы бір адамды ар-тық өлтірген екен, бұл үшін Найман бір адамның құнын төле-сін! “Судың түбін шым бекітеді, құнның түбін қыз бекітеді!” – деп тоқтайды. Құнанбай Көбекбайдың бұл астарлы сөзін ұғады.
Анау артық өлген бір адамның құны үшін Найман жағы Жалайырға қалыңсыз қыз беріп, тын-сын! – деп отыр. Бұған қалай қарайсыңдар? дейді. Жұрт мақұл деседі. Содан екі елдің арасы жаулықтан енді құдалыққа айна-лып, ұрысқа дайындалғандар сойылдарын отқа жағып, күліп ойнап тарқасыпты дейді.
Дауды бітіріп, елге келген соң, Бөлтірік Әлі төренің алдына келіп дауды қалай шешкендігін баяндайды және дауға бармаған билерге өзінің билігін сынатады. Сөзінен мін таппаған төре рақме-тін айтады.
Бірақ Сары би Бөлтіріктің Алақай тәуіп туралы айтқан сөзінен мін таппақ болып:
– Уай, Бөлтірік, сиырың не, Ұлы жүзде жылқы жоқпа еді? – депті. Сонда Бөлтірік Сарыға қарап:
– Сенің білместігің-ай осы. Мұрынға түскен желге сиырдың сүті ғана ем болады, ал жылқының сүті мұрынды жеп жатқан құртты қоздыра түседі, – деген екен.
Ата-бабаларымыздың халық-ты жөн-жоқсыз төгілген қаннан, қырғыннан сақтау үшін қылыш пен найзаны қару етпей, сөз өнерін, шешендікті қару ете білуі – үлкен адамгершіліктен туғанын осы сынды аңыз-хикаялардан анық байқаймыз.
articlekz.com