• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » ҚХА ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған сұхбат кездесу өткізді
Ақпарат

ҚХА ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған сұхбат кездесу өткізді

PressaBy Pressa03.12.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» атты сұқбат кездесу өтті.


ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев жиынның Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өтіп отырғанын атап өтті:


«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы қайраткерлік тұлғасы мен тарихи миссиясын паш етеді. Қазақстанның Тәуелсіз, зайырлы отыз жылдық жаңаша тарихының әрбір кезеңінде Ұлт Көшбасшысының саяси қолтаңбасы айқын көрінеді. Елбасы Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылдырып, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің мекені ретінде әлемге танытты», – деп.


Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев биылғы Ассамблеяның 25 жылдығының басты оқиғасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 11 қарашада өткен Ассамблея Кеңесіне тоқталды:


«Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы ретінде тәуелсіздіктің бүкіл кезеңіндегі бірлік пен келісім саясатын сараптап берді. «Ассамблея азаматтық қоғамның әмбебап құрылымының барлық үздік сипаттамасына ие болып, достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім – Қазақстанның қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы үшін маңызды үлес қосты. Тәуелсіздігіміздің дамуы мен ұлттың қалыптасуының жолында дәл осылар негізгі алғышарт болды» деп атап өтті. «Отбасының амандығы, бірлік, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, ынтымақ пен құрмет, бір-бірімізді қолдауға және өзара көмекке дайын болу» сияқты Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына тоқталды. Қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісін одан ары жетілдірудің стратегиялық бағыттарын белгіледі. Тұңғыш Президент «Отанға деген сүйіспеншілігімізді үнемі қастерлеп отыру, оның тарихи тағдыры үшін ортақ жауапкершілігімізді нығайту» қажеттігін тапсырды», – деді ол.


Жиынға Елбасының жанында жүріп, саяси мектебінен өткен, өмірлік тәжірибесінен сабақ алған, сұхбат құрған азаматтар, атап айтар болсақ: ҚР Президенті Архиві жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы, көптеген ғылыми еңбектердің авторы Борис Әлікенұлы Жапаров; ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 2001-2004 жылғы Баспасөз хатшысы Жанай Сейітжанұлы Омаров, «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зиятдин Исмиханұлы Касанов; «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, ҚР Президенті сыйлығының иегері Қали Қошқарұлы Сәрсенбаев; «Уйғуравази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ершат Моллахунұлы Асметов қатысты. Жиналғандар қоғам өмірінде, жастар арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекет қалыптастырудағы тарихи рөлін айшықтау мақсатында Елбасымен кездескен естеліктерімен бөлісіп, ой өрбітті.


ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстелден кейін қатысушылар «Нұрсұлтан Назарбаев: әлемдік ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық онлайн конференциясына қосылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚазақ даласында билер сотының құрылуы және олардың атқаратын рөлі
Next Article ЖОҒАРҒЫ СОТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҮРГІЗДІ
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.