Әр елдің қалыптасуы мен дамуында үлкен орын ала-тын, ата заң мен, құқықтар жинағы болып табылады. Әрбір мәдениетті, ілімді-білімді халықтың, саналы адам деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – ол халықтың өзіндік құқығы мен төл заңдарының болу-ында. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қол-данылу тарихы тереңде жа-тыр және оның өзіндік қай-таланбас ерекшеліктері бар. Бәрімізге белгілі еліміздің заң құқықтары халықтың салт дәстүрі мен құндылықтарының негізінде құралған. Сан ғасырлар бойы еліміздің өмірінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен құ-қықтық қатынастардың да-муына шешен билер өз үле-сін қосқан. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қай-таланбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз зама-нында халық би деп таны-ғандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. Ш.Уәлиханов өзінің зерттеулерінде бидің кім екенін нақты көрсетеді: «Қазақтарда, құрметті би атағы халық тарапынан қан-дай да сайлау жолымен не-месе халықты билеп отыр-ған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлде-неше шешендік сайысқа тү-сіп, өзінің заң-жораны біле-тіндігін, шешендігін таны-татын болған.
Мұндай адамдардың есі-мі желдей есіп, әлейім жұрт-қа таралып, біріне емес, бәріне де танылған.
Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халық-тарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүй-енбей-ақ, өз орнымен қи-сынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағы-насына, оның шексіз мүм-кіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дә-нінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, та-тулығы мен басының аман-дығын тілеп, сол үшін ең-бектенді.
Билер өз үкімдерін шы-ғармас бұрын, белгілі бір тәртіп және құқықтық нор-маларға сүйенген. Билер қолданған құралдар мен үк-ім шығару жолдарына келе-тін болсақ:
“Әдет”
“Әдет” заңы бүкіл қазақ қауымы үшін “Ата заңы” болатын. Мемлекеттегі бар-лық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды. Олар-дың тұп негізі сонау ерте-дегі ру-тайпалық қатынастар кезеңінен бастау ала-тын.
“Әдет” заңдарының көбі-сі негізінен демократиялық сипатта болды. “Әдетте” бүгінге дейін ұлттық бол-мысымызға тән болып кел-ген әдет ғұрыптар тән бола-ды.
Тарихқа көз жүгіртіп, бү-гінгі күнге дейін жүріп өт-кен құқықтық жолымызға көз салып көрелік. Қазақтың дәстүрлі құқығы өте құнды рухани мұра. Дала заңдары жүздеген жылдар бойы қалыптасып, жетілді-ріліп, дамытылып отырған. Ұрпақтан – ұрпаққа жеткен.
Қазақтың дәстүрлік құ-қығы дәстүрлік әдет – ғұ-рыпқа негізделген, соның негізінде қаланатын матери-алдық әрі сот ісін жүргізу нормалары бар заң жиынтығы еді. Қысқа, оңай есте қалатын, сонымен бірге ұтымды сөз тіркестерінен құралған заң жүйесі.
Дала заңдары аталған:
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы»
Тұтастай алғанда, ұлы далада дүниеге келген ал-ғашқы заң Қасым ханның заңы. Белгілі тарихшы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Та-лас Омарбековтың жазуынша, заманы аумалы-төкпелі болса да, Қасым хан қазақ мемлекетін құқықтық және саяси-әлеметтік тұрғыдан нығайтуға барынша күш салды. «Осы бағыттағы он-ың реформалары «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі. Бұл заңдар топтамасы «Құдай жалғыз, хан жалғыз» деген басқару ұстанымын басшылыққа алды. Яғни Қасым ханның мақсаты – билік бір орталыққа, бір адамның қолына шоғырланатын мемлекеттік басқаруды өмірге енгізу болды.
Тарихта «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен қалған Қазақ хандарының бірі Есім хан дарынды әскербасы ғана емес, білікті саясатшы, парасатты мемлекет қайрат-кері болды. Есім хан Қазақ хандығының сыртқы шека-расын нығайтумен қатар, елдің ішкі жағдайын да жақ-сартты. Есім ханның кезінде қазақ жұртшылығы мамы-ражай тіршілік кешті. Ең бастысы, Есім хан өзіне де-йін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасым ханның «Қасқа жолы» аталып кет-кен заңын өзі билік жүргіз-ген тұста қатаң орындалуын талап етіп, «Есім ханның ескі жолы» атты атақты заң желісі бойынша оны жетіл-дірді. Осылайша, хан Есім мемлекеттің тұғырлы әрі бе-рік ішкі және сыртқы сая-сатын қалыптастырды. Тұ-тастай алғанда, тарихшы ғалымдар да, ел аузымен жеткен аңыздар да Есім хан-ның арқасында дала заңда-ры сол дәуірдің әскери-са-яси және әлеуметтік қажет-тіліктеріне, халықтың тұр-мысы мен дәстүріне сәйкес жетілгеніне иландырады. Нәтижесінде, мұндай заң халық арасына кеңінен та-раған.
Сөйтіп, Қасым ханнан бастау алған «Қасқа жол» бертін келе Есім ханмен жетілді. Ал мұны заманына сай жаңғыртқан Тәуке хан хандықтың конституциясына дейін көтерді десек те болады. Жалпы, «жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Сөйтіп, Жәңгір ханның ұлы жұртшылық арасында «Әз» атанған Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізеді. Осылайша, аталған өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Жалпы қазақ халқының ата заңдары – елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанкешті күреске үн-дейтін, арды шыңдап, на-мысты қайрайтын, адалдық пен әділетке бастайтын Да-ла Конституциялары еді.
Билердің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қа-терді елемей, бастарын бәй-геге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі басқалаларға да ық-пал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түс-кен. Бүгінгі бақытты өмірі-міз осындай бабалар арқасы екенін түсініп, билеріміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ еш-қашан ұмытпауы қажет деп білемін. Билеріміз жүгінген ата заңдарымыз еліміздің құрылымы мен тұрмысын қадағалап, еліміздің дамуы-на сансыз үлес қосқан.
Қазақ халқы үшін әділ-діктің тең таразысы бола білген билер мен ата заңдар қоғам өмірінің саяси-құ-қықтық, әлеуметтік-эконо-микалық, әскери-диплома-тиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ын-тымағын нығайтуға үлесте-рін қосты. Бүгінгідей ғалам-дану мен батыстық сарындағы арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл мұраларымызды бү-гінгі ұрпаққа жеткізу, түсін-діру мен насихаттау біздің басты мақсатымыз.
Жарылғасов Бақытжан Дауренбекұлы, Ақмола облысы прокуратурасының аға прокуроры